+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Азаматтардың борыш жүктемесін азайту: Үкімет қаулысы шықты

2019 жылғы 19 шілде 12:03
Бөлісіңіз:
Азаматтардың борыш жүктемесін азайту: Үкімет қаулысы шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға қатысты ҚР Үкіметінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау шеңберінде екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар мына талаптардың бәріне сәйкес келген кезде: 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша аталған қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік əлеуметтік көмек алатындар; жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылса, өтелуге жатады», - - делінген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта.

Мұнымен қоса, онда қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса, сондай-ақ негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, өтелуге жататындығы айтылады.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың борыш жүктемесін жеңілдету туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT