Азаматтар өзінің әлеуметтік мәртебесін енді Egov порталы арқылы тексере алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі өзінің әлеуметтік мәртебесін енді Egov порталында тексере алады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ баспасөз қызметі.
Ол үшін өзінің ЖСН-ін көрсету жеткілікті. Қызмет көрсету аясында сұрау салушыға «Жалдамалы жұмысшы», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» әлеуметтік мәртебелерінің біреуі көрсетілген хабарлама жіберіледі, егер азамат ЖК немесе жұмысшы ретінде тіркелмеген болса - «Анықталмаған статус» деген хабарлама шығады.
Сонымен қатар әлеуметтік мәртебені анықтау кезінде, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өткізетін тұлға туралы ақпарат шығады. Осылай, мәртебесі «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар» ретінде анықталған тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды Мемлекет өткізетін болады.
«Жалдамалы жұмысшы» мәртебесі бар тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші өткізетін болады.
Әлеуметтік мәртебесі «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» ретінде анықталған тұлғалар 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өздігінен өткізетін болады және бұл ретте ай сайынғы төлемдер мөлшері ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінің 5%-ын құрайды. 2017 жылы төлем мөлшері айына 2446 теңгені құрайды.
- Зейнетақы төлемін баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Ақан Сатаев парақорлар туралы әлеуметтік ролик түсірді
- Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
-
Аида Балаева: Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек
-
Салалық журналистиканы дамытуда маңызды кезең басталады - Аида Балаева
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам