Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Азаматтар құжаттарын Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады

2019 жылғы 17 сәуір 11:06 1187
Бөлісіңіз:
Азаматтар құжаттарын Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Прокуратура актісімен елорда мұғалімдеріне 127 млн теңге төленді Құқық бұзған шетелдіктер міндетті түрде елден шығарылмақ

Заң жобасына депутаттар тобы бастамашы болды. Аталған заң жобасы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесінде «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына көшу,  мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды үстіміздегі жылда - 80 пайызға,   келесі жылы оны тағы 10 пайызға көбейту жөніндегі, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды жаңарту қажеттігі тұрғысындағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді.

Осы орайда Мәжіліс депутаты Майра Айсина заң жобасының негізгі тұстарына тоқталды.

«Біріншіден, бүгінгі таңда адамдар тіркелген жеріне байланғаннан кейбір қызметтерді өзіне ыңғайлы етіп алмайды. Осыған байланысты, азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық жеті түрі бойынша қызмет көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу тұрғысында түзетулер енгізіліп отыр. Бұл қағидатты енгізу арқылы азаматтың өтінішті тұрғылықты жері бойынша беруі міндетті емес. Өз қалауы бойынша Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады. Бұл бала туу, неке қию немесе оны бұзуды, адамның қайтыс болуы туралы, атын және тегін өзгертуді, асырап алуды, әке болуды анықтауды тіркеуге байланысты», - деді М. Айсина.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT