Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Азаматтар кез келген платформаны еркін таңдап, жұмыс істеуі керек – Премьер-Министр

2022 жылғы 7 маусым 11:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтар кез келген платформаны еркін таңдап, жұмыс істеуі керек және өздерінің әлеуметтік қорғалатынын білуі керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тамара Қасымқызы, бүгінгі таңда шамамен 500 мың адам онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді. Осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосу үшін не істеліп жатыр?», - деп сұрақ қойды Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға.

«Алдыңғы аптада Қазақстандағы негізгі 8 платформаның басшыларымен кездестік, олар платформаларды жұмыспен қамтылған азаматтарды жалпы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосуға толық келісіп отыр. Сондықтан 1 шілдеден бастап, біз пилотты түрде әр платформаның спецификасына қарай, пилотты түрде жыл соңына дейін апробация жасайтын болдық. Ал жыл соңына қарай қажетті өзгерістерді заңға енгізетін боламыз», - деп жауап берді Т. Дүйсенова.

Әлихан Смайылов онлайн платформаларға қатысты пилоттық жобаны қолдайтынын айтты.

«Бюрократиялық және басқа да кедергілердің бәрін алып тастау қажет. Азаматтар кез келген платформаны еркін таңдап, жұмыс істеуі керек және тиісті тәуекелдер туындағанда өздерінің әлеуметтік жағынан қорғалатынын білуі керек», - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова Яндекс, Убер, Вольт және Глово платформаларында жұмыс істейтіндердің де әлеуметтік құқықтары қорғалатынын айтқан еді.


Автор:

Айжан Серікжанқызы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары