Азамат Жолманов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Президент өкімімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып Дархан Жазықбаев тағайындалған болатын. Бұған дейін Д.Жазықбаевтың жаңа екі орынбасары белгілі болды: Айнұра Серғазиева және Берік Беркімбаев.





Соңғы жаңалықтар