Азамат соғысынан қазақтай қантөгіс көрген халық жоқ - Жұмагүл Әбсеметова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тарих ғылымдарының кандидаты Жұмагүл Әбсеметова ХХ ғасырдың басындағы азаматтық соғыс жылдарында қазақтай қантөгіс көрген халық жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл - қазақ тарихында тағлымды тағдырымен із қалдырған Т.Жүргенов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Қожанов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Т.Шонаұлы сияқты қазақ зиялыларының 125 жылдығы. Елордадағы Ұлтық музей саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде аталмыш тұлғаларды еске алу үшін «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты тарихи-танымдық дөңгелек үстел өткізді.

Бір минут үнсіздікпен басталған шара барысында ғалымдар жас буынға саяси сүргіннің қалай туындағанын тарихи деректермен түсіндірді.

«1917 жылы қазақ даласында большевиктер билікке келді. Алғашқы келген күннен-ақ қазаққа қарсы саясат ұстанды. Ол үшін әуелі ұлтты бай-кедей деп екіге бөлді. Тұтас халықты сиырдың бүйрегіндей бүлдіріп, әкені балаға қарсы қойды. Азамат соғысынан қазақтай қантөгіс көрген халық жоқ сол жылдары. 1916 жылға дейін этникалық құрамымыз қатты бүлініп қойған болатын. Орыс шаруалары мен әскери бөлімдер, «казачество» өкілдері көбейген кез. Экономикалық, рухани, саяси, шаруашылық, казактық отарлау деген бес бағыты болды. Алты бірдей үкімет орнап, елді қоғадай қырды. Солардан халықты арашалау үшін Алашорда құрылды», - дейді ғалым.

Соңғы жаңалықтар