+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

2021 жылғы 23 тамыз 12:13
Бөлісіңіз:
Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің қаулысымен Азамат Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Байқуанышұлы Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы жеке компаниядағы қауіпсіздік бөлімінің арнайы технигі болып бастаған.

1997-1999 жж. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді.

Түрлі жылдары жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазірге дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT