Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақтелеком» АҚ-да, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген.

2015-2017 жылдары —ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті.

2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар