Азамат Әмірғалиев Әділет вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер- Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген. 1998 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2009 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2009-2011 жылдары — «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы. 2011-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы, заң бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, заң бөлімінің меңгерушісі. 2019 жылғы наурыз айынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
- Қазақстандықтар Әділет министрлігіне көбіне қандай мәселелер бойынша жүгінеді
- Әділет министрлігі өткен жылы тіркелген нысандар туралы жария етті
- ШҚО Катонқарағай ауданының әкімі тағайындалды
- Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
-
Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына жаңа директор тағайындалды
-
Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам