+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа көмектер беріледі

2019 жылғы 7 қазан 09:50
Бөлісіңіз:
Аз қамтылған  отбасылардың балаларына жаңа көмектер беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
3,3 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды Түркістан облысында 120 мыңнан астам адамға АӘК автоматты түрде тағайындалды

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізумен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, оқушы балалар үшін мектепте тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке барып-келу тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын алуды мемлекет есебінен беру көзделеді.

«Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетілетін болады. Егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтылған отбасы мәртебесінде қала беретін болса, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады», - деді Б.Нұрымбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT