Айжан Шайназарова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

None
Фото: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Болат Анапияұлы Тілеп Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады.

1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1999-2001 жылдары — Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы.

2001-2004 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.

2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында — ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.

2004-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдың 26 мамырында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар