USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Айжан Есмағамбетова қысқа мерзімде бірнеше өңірдің қалай «қызыл» аймаққа өткенін түсіндірді

2022 жылғы 14 қаңтар 23:20
Бөлісіңіз:
Айжан Есмағамбетова қысқа мерзімде бірнеше өңірдің қалай «қызыл» аймаққа өткенін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанның өңірлері коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа неліктен көшіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Грузияда коронавирус таралуының жаңа рекорды тіркелді: бір күнде – 17 530 жағдай Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды» Еуроодақ екпе сертификаты бар тұрғындардың жүріп-тұру ережесін жеңілдетуді жоспарлап отыр

«Шынында да, коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Соңғы тәулікте 10 418 жағдай тіркелген. Мұндай күнделікті ауру бізде коронавирус инфекциясының кез-келген толқынында тіркелмеген болатын. Сонымен қатар, тіркелген жағдайлардың 76%-ы төрт өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Атырау облысы», - деді Айжан Есмағамбетова.

Ол аймақтардың «жасыл», «сары» аймақтардан «қызыл» аймаққа тез ауысатынын растады. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бүгінде еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймаққа кіріп отыр.

«Мұның бәрі, әрине, омикрон штамының күрт таралуына байланысты. Тағы да қайталап айтам, «омикрон» өте жұқпалы. Инфекцияның жұғу коэффициенті – 1:5. Яғни, бір адам бес адамға жұқтыра алады. Бұл жағдайда жағдайлардың саны екі күн сайын екі есе артады. Қазір елімізде сондай ахуал болып жатыр. Тыныс жолдарында «омикрон» «дельтаға» қарағанда әлдеқайда жұқпалы. «Омикрон» штамының вирусы «дельтаға» қарағанда 70 есе тез көбейеді. Осы сипаттамалардың барлығы оның жұқпалы және таралу жылдамдығы жоғары екенін көрсетеді», - деді комитет басшысы.

Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты вакцина алуға шақырды.

«Бүгінгі таңда ең маңызды алдын алу шараларының бірі вакцина алмағандар болса, цияланбаған болса, екпе салдыруға шақырамыз. Ал вакцина алып үлгергендер алты ай өткен болса, үшінші дозасын алуға шақырамыз. Ауруды азайтуға, инфекцияның таралуын азайтуға және ең бастысы денсаулық пен өмірді сақтауға тек вацинация ғана мүмкіндік береді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT