Айжан Есмағамбетова кей өңірлерде коронавирус фактілерін жасыруға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова аймақтардағы жағдайлардың нақты санын жасыру туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Мемлекет басшысы коронавирус бойынша ресми статистиканы жасауға қатысты проблемалар бар екенін айтты. Мұның субъективті және объективті себептері бар. Тестілеу туралы айтатын болсақ, оның қуаты үнемі артып келеді. Егер жазда тестен өткізу қуаты шамамен 40 мың және 56 зертхананы ғана қамтыған болса, бүгінде 140 зертханада 80 мыңға жуық тестілеу өткізіледі», - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық тергеу жүргізу үшін сынаманы аумақтық департаменттерге беру өте маңызды фактор саналады.

Бүгінгі күні аймақтарға жүргізілген мониторинг барлық зертханада аумақтық зертханалардың интеграцияланған жүйесі жоқ екенін көрсетті. Тиісінше, оң зерттеулердің нәтижесі уақытылы берілмейді.

«Яғни, ескерілмеген жағдайлар болды. Әр жағдай бойынша міндетті түрде шұғыл хабарлама жіберілген фактілер әлі де бар. Мониторинг сапары кезінде біз бұл шұғыл хабарламаға эпидемиологиялық тергеу жүргізу үшін біздің аумақтық департаментке әрдайым жіберіліп отырмаған фактілер болғанын да көрдік», - дейді ол.

Еске сала кетейік, кеше коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев кей өңірлердегі коронавирус жұқтыру фактілерін жасыру жағдайларын сынға алған болатын.

«Бірқатар облыстарда коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды. Әңгіме Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр. Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек» деген болатын Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар