+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Айжан Есмағамбетова бассейндер мен жағажайларға қатысты талаптарды айтты

2020 жылғы 2 маусым 18:03
Бөлісіңіз:
Айжан Есмағамбетова бассейндер мен жағажайларға қатысты талаптарды айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорттық нысандар тек жаттығу шаралары үшін ашылады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар көптеп жиналатын ойын-сауық, мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Себебі қазіргі кездегі індетке шалдығудың деңгейі шектеулерді толықтай алып тастауға мүмкіндік бермей тұр», - деді А. Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, бассейндерді ашуға да тиісті талаптар қарастырылған.

«Бүгінде бассейндегі әрбір адамда 5 шаршы метрден кем емес аумақ болуы тиіс. Бұл өз кезегінде адамдардың арасындағы арақашықтықты қамтамасыз етеді. Бассейн аумағына қарай оған баратын адамдар саны реттеледі», - деді ол.

«Аквапарктерде және жағажайда арақашықтықты сақтау айтарлықтай қиындау екенін түсінеміз. Алайда, шезлонгтар, кез келген жағажай жабдықтары демалушылар арасында 1,5 метрлік арақашықтықты сақтап орналастырылуы туралы талаптарды қоямыз. Сондықтан жағажайдың аумағын ескере отырып, оған жіберілетін адамдардың саны назарға алынады, яғни олардың саны тұрақты бақылауда болады», - деді А. Есмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT