Айзат Молдақасымова қызметінен босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы-Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдақасымова қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсекк, оның орнына бұл лауазымға Жандарбек Бекшин тағайындалды.

Айзат Молдағасымова бұл қызметті 2017 жылдан бері атқарған.

Бұған дейін Айзат Молдақасымованың қызметіне байланысты бірқатар даулы жағдай болған еді.

Алматы бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір рейсте келіп, 14 күн карантинге оқшауланған болатын. Одан кейін қалалық Қоғамдық кеңес Айзат Молдақасымованың жиналыстарға қатысып, ашық жүргенін сынға алды.

Кейін бас санитарлық дәрігер Орталық клиникалық қалалық аурухана дәрігерлерінің арасында жаппай коронавирус инфекциясы тіркелген кезде дәрігерлердің өзін санитарлық нормаларды сақтамады деп айыптаған болатын.

Бұл мәлімдемеден соң аурухана қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы жаппай наразылық білдіріп, министрге шағымданған еді.

ҚР ДСМ басшысының орынбасары Камалжан Надыров даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, осындай қиын сәтте дауласпай бірігуге шақырды.

Бұл ахуалды тексеру үшін ҚР ДСМ мамандарынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия эпидемиологиялық тексеруді бастады .



Соңғы жаңалықтар