Айзада Авлатарованы тапқан сарбаздар марапатталды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінің клубында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жиын барысында қызмет бабында көзге түсіп ерекшеленген әскери қызметшілер грамоталармен марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Оның ішінде Іле ауданы Жетіген кентінен шығып бара жатып, жоғалып кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарованы табуға үлкен септігін тигізген әскери қызметшілер де бар. Оларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Әлібек Серәлиев ерекше құрмет көрсетіп, қатардағы жауынгерлер Нұржан Тілеухан мен Бибол Бинұровқа туған жеріне кезектен тыс 10 күн демалыс жарияласа, «Зерон» атты итпен жұмыс жасайтын кинолог Арман Әлімбетов пен жасақ жетекшісі Руслан Сердалиновты «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгісімен наградтау үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына жеделхат жолдады.

Бұнымен қоса салтанатты іс-шараға Айзада Авлатарованың ағасы Токтиев Руслан Якимович пен сіңлісі Гүлзара арнайы келіп, Айзаданы табуға үлкен көмегін тигізген әскери қызметшілерге үлкен рахметтерін айтты және алғыстарының белгісі ретінде өздерімен бірге ұландықтарға арнап «Ұйғыр биін» ала келді.

"Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасы экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. Біз, бұл жетістігімізге ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздерімен отандастарымыздың жанқиярлық еңбегі сондай-ақ, елім деген есіл ерлердің ерен ерліктері арқасында қол жеткіздік.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өздерінің Отан алдындағы әскери борыштарын адал атқара жүріп, мемлекетіміздің егемендігінің нығаюы жолына қыруар үлес қосуда. Тәуліктің кез келген уақытында қоғамдық тәртіпті сақтау, стратегиялықмаңызды мемлекеттік нысандарды күзету, сонымен қатар аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау бойынша жауынгерлік міндеттерді орындап жүр. Соның арқасында ұландықтар Күштер құрылымдарында өздерінің лайықты орындары мен бағасын алуда", - деді Əлібек Сералиев.

Соңғы жаңалықтар