Айыртауда жолаушылар автобусы өртке оранды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«21 шілде күні сағат 12:13-те Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 64 шақырымында «Аврора» КАВЗ маркалы рейстік автобусы өртенді. Автобустың қозғалтқыш бөлігінде тұтанған от салонға жетіп, өрттің жалпы аумағы 14 шаршы метрді құрады», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сағат 12:33-те өрт ауыздықталып, 12:28-де толығымен сөндірілген. Салон ішінде 20 жолаушы болған және олардың ешқайсысы өрттен зардап шеккен жоқ.

«Алдын ала болжам бойынша, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдары қысқа тұйықталып, өрт тұтанған болуы мүмкін. Төтенше жағдайды жоюға өрт сөндіру қызметінің сарбаздары мен техникасы жұмылдырылды», - деді Руслан Иманқұлов.

nullnull

Соңғы жаңалықтар