+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Айырбастау пунктерінің жұмысы туралы мәселе әлі талқылануда– Ұлттық банк

2019 жылғы 29 тамыз 14:07
Бөлісіңіз:
Айырбастау пунктерінің жұмысы туралы мәселе әлі талқылануда– Ұлттық банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков валюта айырбастау нарығындағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Біріншіден, терроризмге қарсы тұру мен ақшаның жылыстауы тұрғысынан тұтынушының ақша айырбастау қызметін бағалау талабын көтеру керек. Ол үшін есеп болуы тиіс. Сонымен бірге, ақша айырбастау пунктерінің бәсекесі мен ресурстарын арттырған жөн. Бұл жарғылық капиталды көбейтуге мүмкіндік береді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Ол сонымен бірге, ақша айырбастау пунктінің жарғылық капиталы 100 млн теңге болуы керектігі туралы талапқа қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселе бұрын да көтерілген. Осыдан бір жыл бұрын біз жарғылық капиталға талапты арттыру бастамасын айтқан едік. Бірақ, ол кезде нарық кішірейіп, ақша айырбастау пунктерінің жартысы нарықтан кетіп қалады деген болжамдар айтылған. Шынтуайтында, 10 пайыздық қысқару болды. Бұл сұрақтардың бәрін жан-жақты талқылау керек», - деді Олег Смоляков.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары кей жағдайда қаражаттың жетіспеушілігінен ақша айырбастау пунктері бағам бойынша ақпаратты бере алмайтынын айтады.

«Біз ақша айырбастау пунктері қаражатының бір бөлігі банк шотында жату керек дейміз. Осының арқасында олар әрдайым шетелдік валютаның ұсыныстары мен сұраныстарын қанағаттандыра алады. Қандай да бір түйінді мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты бекітілген жоқ», - деді спикер.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰБ басқармасының №49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы жарияланған еді.

Қаулы жобасына сәйкес, ақша айырбастау бекеттерінің жұмыс уақытын қысқарту жоспарланған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT