+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Айыппұлдарды заңсыз есептен шығарған полицейлердің ісі сотқа жетті

2021 жылғы 9 сәуір 17:58
Бөлісіңіз:
Айыппұлдарды заңсыз есептен шығарған полицейлердің ісі сотқа жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды ісі бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров төрт жыл бойы айыппұлдарды заңсыз өшіріп келген полицейлердің ісі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда тұрғыны иесіз тұрған көлікті айдап әкетіп, бұталардың арасына жасырып қойған Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны бес жігітті атып кетті Қазақстан мен Өзбекстанның жемқорлықпен күрес органдары Меморандумға қол қойды

«Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жергілікті полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі аяқтады. Тергеу көрсеткендей, полиция қызметкерлері 2016 жылдан бастап, бұрын сотты болған азаматты делдал ретінде тарту арқылы ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысын үйлестіріп отырған. Олар 2020 жылы әшкере болғанға дейін бұл әрекеттерін жалғастырып келген. Осылайша ұйымдасқан өкілдері лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып, жол қозғалысы ережелерін бұзуға байланысты туындаған азаматтардың әкімшілік айыппұлдарын есептен шығарып отырған» - деді аса маңызды істер жөніндегі тергеуші.

Оның мәліметінше, аталған қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 247 млн теңгеден астам аса шығын келген.

«Қазіргі уақытта айыпталушылар тиісті бұлтартпау шаралары қабылданып, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілді. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды», - деді Данияр Бегайдаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT