Айыппұл салмаған полицей жұмыстан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол- патрульдік полициясының қызметкері жол ережесін бұзған әйелге әкімшілік хаттама толтырмағаны үшін жұмысынан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы тексеру кезінде әкімшілік полиция басқармасының жол-парульдік полициясы қызметінің инспекторы Шевченко мен Қонаев көшелерінің қиылысында заңсыз жерге көлік қойған әйелге айыппұл салмағанын анықтады.

Қызметтік тексеру барысында жүргізушіден жауап алынды. Оның жауабы инспектордың қызметтік видеорегистраторындағы бейнежазбамен расталды.

«ІІД тәртіптік кеңесінің шешімімен полиция қызметкері ҚР Ішкі істер органдарынан шеттетілді. Ол қызметтік міндетін дұрыс атқармаған. Жеке құраммен тиісті жұмыс жүргізбегені үшін аталған взвод командирі қызметінен босатылды. Полиция қызметкерінің екі жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды», - деді баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, қалалық ІІД полицейлер тарапынан заңбұзушылық дерегін байқаған жағдайда қауіпсіздік басқармасының 254-43-83сенім телефонына хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар