Айына 1 млн халық келетін іргелі нысан - MEGA Silk Way

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға мейман болып келгендердің көбі ЭКСПО ғимараттарымен іргелес орналасқан MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығына бас сұқпай кетпейді. Ұзындығы бес бірдей футбол алаңына тең, биіктігі 9 қабаттық тұрғын үймен иықтас MEGA Silk Way - еңселі елорданың шетелдік астаналардан кем түспейтінін паш етеді. Отбасымен көңіл көтеруді қаласаңыз, елордадағы осынау орталық сізге аса сапалы қызмет пен тауар түрлерінің сан-саласын ұсынады. Астана қаласының 20 жылдығы аясында ҚазАқпарат тілшісі бірегей орталықтың ашылу тарихы мен ауқымы туралы оқырманға мәлімет бере кетуді жөн көріп отыр.

Жарасым мен «жасыл» технология

MEGA Silk Way - MEGA атаулы сауда, ойын-сауық орталықтары желісінің жаңа толқынындағы бірегей орын. Ағылшындық Chapman Taylor компаниясының сәулетшілері орталықтың құрылысы алдында ең үздік жобалардың бірін ұсынып, нысанның негізгі концепцияларын әзірлеген болатын. MEGA Silk Way - елорданың туристік және инвестициялық тартымдылығы турасында маңызды нысандардың бірі екені даусыз. Себебі, ЭКСПО нысандары жақын орналасқандықтан, астаналықтардың да, елорда меймандарының да орталыққа деген қызығушылықтары ерекше. Бұл орын MEGA желісіндегі жобалардың ең сәтті көріністерін паш етеді.

MEGA Silk Way СОО директоры Қанат Төребаевтың хабарлауынша, орталықтың әкімшілігіндегі еңбек ететін қызметкерлерді, сауда аумақтарын жалға алушыларды қосқанда нысанда барлығы 2 мыңнан астам адам еңбек етеді.

««EXPO-2017» Халықаралық көрмесіне жаяу жетуге болатындай жерде сауда-ойын орталығының болуы - EXPO ұйымдастырушы комитетінің талабы болатын. Осыған байланысты 2014 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында - Назарбаев Университеті мен «EXPO-2017» көрмесі арасында нысанның құрылысы басталды. Нысан құрылысының инвесторы әрі тапсырма берушісі - «Mega Plaza» ЖШС. Бас мердігер ретінде ресейлік «Renaissance Construction» АҚ жұмыс жүргізсе, нысанның сәулетшісі - ұлыбританиялық «Chapman Taylor» компаниясы болды», - дейді Қанат Төребаев.
nullnull

Нысан 2016 жылдың 7 желтоқсанында пайдалануға берілді. Алайда орталықтың ресми түрде ашылуы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен 2017 жылдың 23 мамырында өткен еді.

null

«MEGA Silk Way СОО-ның құрылыс жұмыстары үшін Ресей мен Түркия елдерінен жоғары технологиялы экологиялық материалдар әкелінді. Әрине, қазақстандық экологиялық материалдар да шетке ысырылған жоқ. Техникалық жабдықтар сонау Германия, Франция, Италия, Швейцария мемлекеттерінен тасымалданды. Өздеріңіз білетіндей, «EXPO-2017» көрмесінің тақырыбы «Болашақ энергиясы» еді. Осы ретте біз MEGA Silk Way құрылысында «жасыл» технологиялар мен стандарттар қолданғанымызды айта кеткіміз келеді. Уақыт талабына сай MEGA Silk Way СОО-ның қуатты материалдық-техникалық базасы бар. Ғимараттың инженерлік жабдықтары нысанды басқарудың автоматты жүйесінен, өртке қарсы мызғымас жүйеден тұрады. Нысанға дамылсыз екі дербес қуат көзі жарық таратады. Жалпы жарық жүйесі Smart Grid жүйесімен интеграцияланған. СОО аумағында күн панельдері, жел генераторы, шатырдан аққан суды пайдалану жүйесі (суару үшін), жарық үнемдеуші құрылғылар секілді «жасыл» технологиялар қолданылады», - дейді Қанат Төребаев.

«Қала ішіндегі қала...»

Әлбетте, күніне мыңдаған адам келетін нысанның «өрт қауіпсіздігі қаншалықты сақталған?» деген сұрақ туындайды. Қанат Төребаевтың айтуына қарағанда, MEGA Silk Way-дің өрт қауіпсіздігіне - жеке өрт бөлімшесі жауап береді. Бөлімшенің арсеналында «Hyundai ФЦ 2-40» (2 м3 немесе 2 мың литр суы мен 100 литр өрт сөндіруші көбігі бар, секундына 40 литр шаша алады) автокөлігі бар. Бұған қоса MEGA Silk Way-дің аумағында 900 м3 болатын су қоймасы барын айта кету керек.

«Орталықтың өрт сөндіру жүйесіне автоматты өрт сөндіру сигнализациясы, хабарландыру жүйесі, эвакуацияны басқару, өрт сөндіруді автоматты түрде қосу жүйесі, өрт сөндірудің дренчерлі құрылғысы, автоматты түрде өртті ұнтақпен сөндіру жүйесі енеді. Өрт туындаған жағдайда түтінжұтқыш жүйе тілсіз жаудың жайылып кетпеуін қамтамасыз етеді. Өртті ұстап тұратын қақпақшалардың қызметі маңызды. Сыртқы және ішкі өрттерден қорғау үшін өртке қарсы су желілері істеп тұр», - дейді Қанат Төребаев.

null

Осының бәрін есептей келе MEGA Silk Way - ірі ауқымды, әлемдік деңгейдегі техникалық тұрғыда күрделі, жоғары білікті мамандарды тартуды талап еткен жоба деп айтуға болады.
null

Сондай-ақ, Қанат Төребаевқа «MEGA Silk Way нысанын Қазақстандағы ең ірі сауда-ойын орталығы деп айтуға бола ма?» дегенг сауал қойдық. Десе де, аумағы 140 мың шаршы метрлік MEGA Silk Way - аумағы 175 мың шаршы метр болатын MEGA Alma-Ata СОО-ға қарағанда шағын болып шықты.
null

 «MEGA Silk Way орталығының концепциясының негізіне - Ұлы Жібек жолының бойындағы өткен шақ пен болашақтың арасындағы аялдауға болатын орын ретінде қалыптастыру идеясы жатқан еді. MEGA Silk Way мегаполистің жаңа ауданының сәулетті ансамбліне өзіндік реңмен ене білді. Бұл - «қала ішіндегі қала» іспеттес. Себебі, нысанның ішінде өзінің көшелері мен арт-нысандары, жазғы мейрамханалары мен әртүрлі шаралар өтетін алаңы, спорттық, танымдық алаңдары бар. Біз адамдарға қуаныш сыйлауға асығамыз. Ашылғанына бір жыл болғанына қарамастан, біздің нысанға 10 миллион адам мейман болып келді», - дейді СОО директоры.

MEGA Silk Way-ға қош келдіңіз!

Сауда-ойын орталығының атауын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі (2015 жылдың 13 шілдесі - Ақордада өткен жиында) бекіткен. Нысан негізінен BREEAM (британдық BRE Global компаниясы әзірлеген, ғимаратқа экологиялық тиімділігі тұрғысынан баға беретін әлемдік стандарт) талаптары бойынша бой көтерген. Тарқата айтқанда, экологиялық таза құрылыс тұрғысынан BREEAM талаптары бойынша СОО-ға 63,7 пайыздық, яғни - «өте жақсы» деген баға берілген екен.

Нысанның жалпы аумағы 140 мың шаршы метр. Ұзындығы жарты шақырым, ені 160 метр. Атриумдарының (бағандарының) биіктігі 27 метрге жетеді. Яғни, 27 метрлік MEGA Silk Way биіктігі жағынан - 9 қабаттық тұрғын үймен бірдей. 1,5 млн текше метр болатын орталықтың ішкі кеңістігі таза ауа мен жарыққа толы. Бұл, келген халық өзін жайлы сезінуі үшін арнайы жасалған.

null

Орталық үш бөліктен: екі қабаттан және 1 жерасты бөліктен тұрады. Нысанға кіретін тоғыз есік бар, оның екеуі жерасты бөлігінде орналасқан. 1 679 (24 ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін) көлік сыятын көлік тұрағымен бірге, жерасты бөлікте тағы 410 көлікке (оның 4-уі ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін) арналған паркинг бар.

Кешенге айына 1 миллион адам келеді. Әлбетте, бұл көрсеткіш айына 1,3 миллион адам келетін Алматыдағы «MEGA Alma-Ata» сауда, ойын-сауда орталығына жете қоймас. Десе де, жылына халқы 45 мың адамға өсіп келе жатқан елорда үшін бұл көрсеткіш жеткізбес меже ретінде көрінбейді. MEGA Silk Way СОО-ға келгендердің рекордтық көрсеткіші орталықтың дәл ашылуы кезінде, яғни 2017 жылы аталып өткен Наурыз мерекесі кезінде тіркеліпті. Дәл сол уақытта бір күнде орталыққа 500 мың адам келіп кеткен екен. Ал нысан жұмысын бастаған алғашқы үш күнде 150 мың адам мейман болған.
null

MEGA Silk Way - тың форматтағы жаңа кеңістік. Орталықтың іргесін қалаушылар өзінің меймандарына мәдени тұрғыда бос уақытын тиімді өткізудің жаңа деңгейін ұсынады. Кешеннің іргесі қаланғалы бері елордадағы тұрғындардың уақытын пайдалы өткізудің жаңа мүмкіндіктері ашылды. Яғни, меймандар нысанға келіп, саудадан бөлек балаларын білім бағдарламасы бойынша оқытуға, спорттық алаңдарда жаттықтыруға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ Happylon компаниясы отбасымен бірге демалуға болатын ең ірі көңіл көтеру паркін салып қойған. Сонымен қатар, MEGA Silk Way СОСО-да Evrikum (880 м2) атты ғылыми-ойын паркі, спорттық жаттығуларды өткізуге болатын Kango (2 500 м2) батутты ойын паркі, «үй кітапханасы» концепциялы Marwin (1500 м2) шығармашылық кеңістігі, елордадағы ең үлкен экраны бар 11 залды Chaplin (5500 м2) кинотеатры және қарашадан бастап ақпанға дейін жұмыс істейтін Mega Ice (800 м2) мобильді мұз айдыны орналасқан.
null

Орталықта жиырмаға тарта, атап айтқанда, Happylon, Marwin, Evrikum, Chaplin, Технодом, Mimioriki, QLP, Алтын Алан, Kazyna-Gold, Mini city, КазТур және өзге де отандық брендтердің өнімдері сатылады. Бұдан бөлек, H&M, Calvin Klein, Lacoste, Tommy Hilfiger, Zara, Bershka, Massimo Dutti, Stradivarius, Pull&Bear, Oysho, Zara Home, Uterque, Marc O'Polo, US Polo Assn., Nike, Koton, DeFacto, LCWaikiki, Armani Exchange, Levi's®, Fabiani, Enrico Marinelli, Miniso, Walker, Guess, Renascimento, Mango, Ostin kids, Diesel және өзге де әлемдік деңгейдегі брендтердің өнімдерін осы жерден таба аласыздар. Әлемдік деңгейдегі жетекші тамақтану брендтері - Burger King, McDonalds, KFC, Hardee's, Starbucks, Gloria Jean's Coffees, Angel-in-us Coffee осында орналасқан.

nullnull

Соңғы жаңалықтар