Айыбы дәлелденсе, қызметтен кетуге дайынмын: Ақтоты Райымқұлова орынбасары туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел алдындағы есебінен кейінгі брифингіде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жемқорлық дауына іліккен орынбасары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәлі екені дәлелденсе, қызметіңізден кетуге дайынсыз ба?»

Ведомство басшысы Ақтоты Райымқұловаға БАҚ өкілдері орталық коммуникациялар қызметінде осындай сұрақ қойды.

«Бәрінен бұрын, әрине тағылған айып дәлелденуі керек. Егер айып дәлелденсе, әрине, заң бойынша мен өз еркіммен жұмыстан босату туралы өтініш жазамын. Айыбы дәлелденген жағдайда», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Еске сала кетейік, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілініп, ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар