Аюдың тоғыз табанын Қытайға өткізбек болғандардың жолы кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Приморьенің шекарашылары мен кеденшілері аюдың тоғыз табанын Қытайға контрабандалық жолмен шығарылуының жолын кесті.

«Аю табандары салынған түйіншектер «КамАЗ» кабинасының технологиялық бөлігінде жүргізуші орнының астына салынған. Анықталған заттың жалпы салмағы 12 келіден асты», - деп хабарлады ФҚҚ-нің Приморье өлкесі бойынша шекаралық басқармасынан.

Мамандар табиғатқа келтірілген шығынды шамамен 100 мың рубльге бағалап отыр, деп жазады lifenews.ru.

Соңғы жаңалықтар