Айуандықпен өлтірілген әпкелі-сіңлілердің денесін қалай тауып алғанын көршілері айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қанішердің қолынан қаза тапқан әпкелі-сіңлілілердің денесін қалай табылғанын көршісі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға желтоқсанның 1-2 қараған түні Жетісу ауданында болған.

«Барахолка» базары маңында тұратын әпкелі-сіңлілілер 48 жастағы Тимовеева Людмила мен 27 жастағы Ольга Суслинаны 1-2 қараған түні пышақтап кеткен. Көршілерінің айтуынша, қылмыскер әйелдерді қинап өлтірген.

Қанішердің қолынан жараланған тағы бір ер адам қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдерге көмекке келген ер адамды қылмыскер басынан ұрып талдырған.

Одан кейін қылмыскер ізін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген. Киімі қан-қан қылмыскердің ары-бері жүргені ауладағы бейнекамераға түсіп қалған. Полиция 34 жастағы күдіктінің іздестіріп жатыр.

Екі үйден кейін тұратын Бақыт Құрмансейітова «жантүршігерлік оқиғадан соң үйімізден аттап шығуға қорқып қалдық» деп отыр.

Оның айтуынша, дәл сол күні көшеде жым-жырт тыныштық болған.

«Ешкім ештеңе естімеген. Көршілердің бірі далаға шыққан уақытта өртті байқап, бәрімізді оятты. Өртті өшіріп жатқан кезде, дәлізде бір ер адамды көрдік. Ол Люданың көршісі Серік болып шықты. Оның есі кіресілі-шығасылы боп жатқанда алып шықтық. Арғы бөлмеден келіншектердің аяғын байқадық. Қарасақ марқұмдардың денесінде сау жер жоқ. Оляны 16 жерден пышақтаған», - деді Бақыт Құрмансейітова.

Көршісінің айтуынша, Людмила түнгі 1:30 шамасында көршісі Серікке қоңырау шалып, көмек сұраған. Серік келген бетте қанішер оны басынан ұрып талдырған. Есі кіресілі-шығасылы күйдегі Серік екі рет далаға қашқан. Екі рет қылмыскер оны үйге сүйреп кіргізген. Мұның бәрі видеоға түсіп қалған.

48 жастағы үлкен әпкесі Людмила Тимофеева банкте күзетші, ал 27 жастағы сіңлісі Ольга Суслина көгалдандыру бөлімінде істеген екен.

Ольганың құрбыларының айтуынша, Замаддин Палтуев Ольганы зират жанында ұстап алып зорламақ болған. Өмірі үшін қорыққан Ольга қанішерді үйіне алып келген. Содан ол келіншектің қайда тұратынын біліп алып, 1-желтоқсан күні іздеп келген.

Бақыт Құрмансейітова күдікті ретінде іздестіріліп жатқан Замаддин Палтуевті сырттай таниды екен. Бұрын бұл адам қыз зорлағаны үшін түрмеге отырып шыққан.

«Дәл сол түні ол көшеде жүрген екен. Бірнеше көршілеріміздің есігін қаққан. Жылынып алсам бола ма деп. Шынымызды айтсақ біз қазір сыртқа шығуға қорқамыз. Жанымыздағы зиратта нешетүрлі адамдар тұрады. Ол жерден өту мүмкін емес. Қызымды әкесі күндіз де аялдамаға дейін шығарып салады», - деді ол.

Қазір қалалық полиция 34 жастағы Замандин Палтуевке іздеу жариялады. Әзірге қалалық ІІД толық түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар