Айт күндері ауа райы қандай болады
Қазгидрометтің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде.
Қарағанды облысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге жететін жел соғуы мүмкін. Күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ түсуі ықтимал.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-25 метр айналасында болады. Дауыл тұрып, тұман түседі. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге баратын жел соғады. Кей жерлерде түнде және күндіз тұман түсуі мүмкін.
Алматы облысының бірқатар аймақтарында жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін шаңды аралас қатты жел соғады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді. Түнде желдің жылдамдығы 23 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ, дауыл тұруы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында, сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.