Айсұлтан Сейітов түсірген клип MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің клипі MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-stories-інде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айсұлтан Сейітов америкалық рэп орындаушылары 21 Savage бен J. Cole-дің «A lot» әніне видео түсірді. Клип «Жылдың үздік видеосы» аталымына ұсынылды.

Сондай-ақ, дәл осындай аталымда Billie Eilish «Bad Guy» әнімен, Ariana Grande - «Thank u, next», Jonas Brothers - «Sucker», Lil Nas X және Billy Ray Cyrus – «Old Town Road» (Remix) және Taylor Swift - «You Need to Calm Down» әндерімен сынға түсетін болады.

«A lot» клипінің түсірілімі осы жылдың қаңтар айында Атлантада өткен.

MTV Video Music Awards 2019 сыйлығының марапаттау рәсімі 26 тамызда Нью-Джерсиде өтеді. Осымен 36-рет өтіп отырған жыл сайынғы шоу тікелей эфирден көрсетіледі деп күтілуде.

Айсұлтан Сейітов – қазақстандық режиссер, клипмейкер. Нью-Йорк кино академиясында «Режиссура» бағыты бойынша білім алған. «Hype Production» продакшн-компаниясымен бірге жұмыс істейді.


Автор: Ақбота Күзекбай

Фото: www.gq.ru

Соңғы жаңалықтар