Айшолпан Азияның беделді сыйлығына ие болды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

null 

Айшолпан Азияның беделді сыйлығына ие болды -  Kaznews.mn

Моңғолиядағы бүркітші қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызы «Asia Game Changer Awards 2017» сыйлығына ие болды. Бұл туралы Аsiasociety.org сайтынына сілтемемен Kaznews.mn ақпараттық порталы жазады. Аталған  сыйлықты қаршадай қазақ қызына «Eagle Huntress» фильмі арқылы гендерлік тосқауылды еңсергені үшін берілген.

Айта кетейік, сонымен бірге осы аптада қыран бүркіт баптап, қырдың қызыл түлкісін аулап, әлемге танымал болған қазақ қызын Моңғолия премьері Ухнаагийн Хурэлсух (Khurelsukh Ukhnaa) мырза қабылдады,

 АҚШ киногерлерінің «Бүркітші қыз» фильмі арқылы әлемге танымал болған Айшолпан Моңғолия премьерімен болған кездесуге қазақтың ұлттық киімін киіп барған.

Аталған елдің премьері Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында Айшолпан бас кейіпкер ретінде түсірілген фильм Моңғол елін әлемге танытқанын жазды. «Әлем халқының мақтанышына айналған бүркітші қызды қабылдап, жүздестім. Бүркітпен саятшылық құру дегеніміз кішкентай қыз тұрмақ ер жігіттер үшін де ерлік пен батылдықты талап ететін қиын шаруа. Ал, Айшолпан сексенге жуық ер азаматты шаң қаптырып, бүркітшілер мерекесінде алға шықты. Ол туралы жасалған деректі фильм әлем елдерін елең еткізді. "Азия құрлығын жаңғыртушы мәртебелі тұлға" деген абыройлы сыйлықтың иегері болып, Моңғол елінің дүниежүзілік аренада беделін көтерді», - деп мәлімдеді ел премьері өз жазбасында.

 

Теһранда Қазақстан мен Иран университеттерінің бірлескен отырысы өтті - «Фарс» ақпарат агенттігі

5-6 қараша күндері Қазақстанның үш университетінің өкілдері Теһрандағы Иран университеттерін аралап қайтты. Бұл туралы «Фарс» ақпарат агенттігі жазады.

Қазақстанның Ирандағы елшілігі мен Иранның Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шарада Қазақстанның үш университеті, атап айтқанда Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің (ОҚПУ) өкілдері Иранның университеттері және таңдаулы ғылыми институттарымен ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

«Тараптар ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, пікір алмасты. Сонымен қатар, Қазақстан ҚазҰУ мен Шәһид Беһешти университетінің әріптестігі негізінде әл-Фараби орталығын ашу туралы ұсыныс жасады», - деп жазады агенттік.

Шәһид Беһешти университетінің ректоры доктор Сейіт Хасан Саддуқ Иран мен Қазақстан арасындағы өте бай тарихи және мәдени байланыстарға тоқталып, Қазақстанның аймақтық мәселелерде, атап айтқанда Сирия дағдарысын шешуге арналған Астана келіссөздерін өткізудегі маңызды да ықпалды рөліне ризашылық білдірді. Ол Астана процесінің Қазақстанның аймақтағы озық ел екенін білдіретінін айтты.

«Қазақстанның абырой-беделінің көтерілуі біз үшін де мақтаныш. Ғылыми және университеттік қатынастарды дамыту Қазақстанда осындай маңызды аймақтық және халықаралық отырыстарды кеңейтуге негіз бола алады. Шәһид Беһешти университеті мен Қазақстан университеттері арасындағы қарым-қатынасты кеңейту - өте маңызды жоба. Бұл жоба саяси ерік-жігермен ілгерілетілетін болады»,-дейді Сейіт Хасан Саддуқ.

Осы сапар аясында Қазақстан университеттерінің өкілдері Тарбиат-е модаррес, Амир Кабир, Алламе Табатабаи мен әз-Захра университеттеріне барып, олардың ғылым және білім саласындағы әлеуеттерімен танысып, магистратура мен докторантура деңгейіндегі студенттер және оқытушылармен алмасу, ортақ ғылыми жобалар орындау және ортақ ғылыми конференциялар өткізу мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті мен Алламе Табатабаи университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

null
 

Моңғолия Сыртқы істер министрі ҚР елшісін қабылдады- Kaznews.mn

Осы аптада 7 қараша күні Моңғолияның Сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатар ҚР-ның Елшісі Қалыбек Қобландинді қабылдады. Бұл туралы Kaznews.mn сайты жазады.

Сыртқы істер министрі Моңғолия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа тоқтала келе, ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға байланысты екіжақты келіссөздер, өзара іс-сапарлар санын арттыру керек екендігін айтты.

Кездесу барысында Елші ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Моңғолияның сыртқы істер министрінің жаңа лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау хатын табыс етті.

Сондай-ақ тараптар келесі жылы ұйымдастырылатын жоғары деңгейдегі сапарлар және басқа да ынтымақтастық мәселелері туралы пікір алмасты.

null 

 

Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді - «Фарс» ақпарат агенттігі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы алдағы жылдың басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төрағалығының Қазақстанға жүктелетінін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі әрі аталмыш ұйымның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия істері бойынша аймақтық орталығының басшысы Наталья Германмен кездесуінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі міндеттерге тоқталып, алдағы жылдың қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағалығы Қазақстанға жүктелетінін айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы шеңберінде Ауғанстанның мәселелерін шешу бағытында жоғары деңгейде келіссөздер өткізудің жоспарланғанын мәлімдеді», деп жазады агенттік.

Қ.Тоқаев сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Орталық Азияда тұрақтылық пен экономикалық ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету кезеңіндегі жұмыстарының басты бағдары болатынын айтты.

null 

 

«Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» кітабы қытай тілінде жарық көрді - «Жэньминь жибао» (People Daily)

6 қарашада Қытайдың мемлекеттік резиденциясы «Дяоюйтайда» қытай тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» кітабының тұсауы кесілді. Бұл туралы қытайдың «Жэньминь жибао» басылымының ресми сайты жазды.  

Кітапты Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен  «Синьсин» корпорациясының қаржылай қолдауымен «Жэньминь» мемлекеттік баспасы шығарды. Аталмыш еңбекті Бейжің университетінің профессоры Э Юньлунның басшылығындағы аудармашылар алқасы аударған. Редакторы - ҚХР Жазушылар одағының мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚХР Жазушылар одағының «Қытай жазушылары» журналының бас редакторы Әкбар Мәжит. Тұсаукесерге кітап авторы, Британия парламентінің бұрынғы мүшесі Джонатан Айткен, ҚР вице-премьері- ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі (орынбасары) Ли Хуэйлай, жазушы Әкбар Мәжит, Бейжіңде аккредитациядан өткен Әзербайжан, Армения, Грузия, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, Украина, Молдова, Ұлыбритания, т.б. елдердің дипломаттары, ШЫҰ басшылығы, Қытайдың ғылыми және шығармашылық интеллигенциясы, қазақ диаспорасы, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.  

«Аталған өмірбаяндық кітапта Қазақстан Президенті Назарбаевтың өмір белестері, дара қасиеттері, қиын-қыстау кезеңдердегі дана шешімдері баяндалып, оның кемеңгер тұлғасы сомдалған. Кітап оқырманға Қазақстан мен оның тұңғыш Президентін жан-жақты таныстырады. Бұл кітапты жазу үшін автор Н. Ә. Назарбаевтың өзімен және басқа да қайраткерлермен бірнеше рет сұхбаттасып, бұрын еш жерде жарияланбаған көптеген тарихи материалдарды жинақтаған.  Сондықтан да кітаптың тарихи құндылығын жоғары бағалауға болады. Кітаптың түпнұсқасы ағылшын тілінде жазылып,  бүгінге дейін қазақ, орыс, қытай, корей,түрік тілдеріне аударылған», деп жазады дереккөз.

Шарада А. Мырзахметов жиналғандарға кітаптың мазмұны және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы әңгімелеп берді. Шара қатысушылары Қазақстанның өркендеуі, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгені және ондағы Нұрсұлтан Назарбаевтың орны жайлы ой бөлісіп, Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» жобасының аса маңызды қатысушысы екенін тілге тиек етті.        

null  

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайға барды - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Осы аптада, АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайға ресми сапармен барды. Осыған дейін Жапония мен Оңтүстік Кореяда болған Америка басшысы кездесулерінің негізгі тақырыбы Солтүстік Кореямен арадағы жағдайдың шиеленісе түсуі болып отыр.
null  

Қытай басшысы Си Цзиньпин 9 қараша күні Бейжиңдегі халық сарайында АҚШ президенті Дональд Трамппен кеңес өткізді. Екі ел басшысы АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы туралы және тараптар ерекше назар аударып отырған маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл туралы Қытайдың «Орталық халық радиосы» сайты хабарлады.

«Тараптар осы жылы Қытай мен АҚШ қарым-қатынасында маңызды даму болды деп есептейді. Екі елдің бейбітшілік пен достыққа негізделген қатынасы бүкіл әлемнің қауіпсіздігі, тұрақтылығы және өркендеуіне әсер етеді. Ынтымақтастық - Қытай мен АҚШ-тың бірден-бір дұрыс таңдауы», деп жазады Орталық халық радиосы.

АҚШ лидері Қытай басшысын Солтүстік Кореядағы ядролық  қауіпсіздік мәселесінде оң ықпал жасауға шақырды.

«АҚШ пен Қытай - әлемдегі ең ірі елдер, сауда бойынша маңызды әріптестер. Қос тараптың ортақ мүддесі бар, ынтымақтастықтың болашағы зор, өзара іс-қимылды нығайту қажет. АҚШ үкіметі Қытай саясатын қолдайды. АҚШ тарабы екі елдің дипломатиялық қауіпсіздік, экономика, қоғамдық және гуманитарлық, құқық қорғау және интернет қауіпсіздігі сынды салаларда ынтымақтастықты қолдауға дайын, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша келісім мен байланысты әрі қарай нығайтамыз. АҚШ Қытайдың Солтүстік Кореяның ядролық қару мәселесі бойынша маңызды рөл атқаратынына үлкен мән береді. Солтүстік Кореядағы ядролық  қауіпсіздік мәселесін іске асыруда Қытайдың бірге ынтымақтаса жұмыс атқаруына үміттімін», - деді Дональд Трамп.
null 

 

Ататүріктің эксклюзивті суреттері жарияланды - TRT
null 

10 қараша -  Түркия Республикасының негізін қалаушы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күні. Осыған байланысты Түркияда Ататүрікті еске алу апталығы өтті. Президент Ердоған «тарихта өшпес із қалдырған Гази Мұстафа Кемалдың ең үлкен ерекшелігі халқына деген шексіз сенім» екенін атап көрсетті. Бұл туралы TRT порталы жазады.

Ердоған «Қасиетті ұлтымыз Гази Мұстафа Кемал басшылығымен 1919 жылы басталып, 1923 жылы Республика құрып жеңіске жеткен үлкен күресте біздерді отансыз қалдырғылары келгендерге қанымен, жан-тәнімен жүрегімен қарсы шықты. Ұлт-азаттық күресімізде отанын және байрағын батылдықпен қорғаған, барлық қиыншылықтарға қарамастан кемел келешекке деген сенімі пайда болып, өз билігін өз қолына алған халқымыз қазірде ұлтымызға бағытталған барлық шабуылдарға тойтарыс беретін қайрат пен табандылыққа ие болды» деді.

null

null

null

Айта кетейік, 10 қараша күні Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған фотокөрме ашылды. Ататүріктің дүниеден өткеніне 79 жыл толуына байланысты  ұйымдастырылған көрмеге бұған дейін халық назарына ұсынылмаған 40-тан астам фотосурет қойылды.
null

null

Мұстафа Кемал Ататүрік - Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш Президент, реформатор, әскери қолбасшысы және мемлекет қайраткері, әлемдік деңгейде танымал тұлға. Ол 1881 жылы Селаникте дүниеге келіп, 1938 жылы 10 қарашада сағат 09.05 минут өткенде дүние салды. Содан бері әр жылы дәл осы уақытта Түркия бойынша еске алу шаралары өтеді.

Назарларыңызға TRT сайтында жарияланғанМұстафа Кемал Ататүріктің эксклюзивті суреттерін ұсынамыз.

Соңғы жаңалықтар