Айша Омарова ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айша Омарова қола жүлдеге ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы таратқан мәліметке сенсек, Айша 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен.

Ол жалпы жиыны 217 кг салмақты көтерді. Жұлқа көтеруде - 93, серпе көтеруде - 124 келіні еңсерді.

Жұлқа көтеруде үш талпынысын да сәтті орындап, екінші болды.

Қазақстан құрамасынан осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Карина Құзғанбаева 203 кг көрсеткішімен 7-орынға жайғасты.


Соңғы жаңалықтар