«Айсанам» тұрғын үй кешеніндегі өрт: екі адам құтқарылып, 45-і эвакуацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың сол жағалауындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

«2 мамырда сағат 21:52-де Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Мәңгілік Ел даңғылындағы «Айсанам» ТК өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сегізінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан және өрт сөндірушілер келген кезде жалын тоғызыншы қабатқа тарай бастаған», - делінген хабарламада. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің арқасында сағат 22:10-де 35 шаршы метрді шарпыған жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамынан 25 адам және 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Өрт сөндіру барысында газдан және түтіннен қорғау қызметі бөлімдері баспалдақ арқылы 2 адамды құтқарды. Сондай-ақ 45 адам эвакуацияланды.



Соңғы жаңалықтар