Айовадағы бастапқы сайлауда Тед Круз Дональд Трампты артқа тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатының сенаторы Тед Круз Айова штатында өткен бастапқы сайлауда республикалық партия бойынша бәсекелесі Дональд Трамптан озды.

Бұл туралы сейсенбі күні BBC News хабарлады.

Трамп барлық үміткерлерді өткен дауыс берумен құттықтап, ол үшін екінші орын алу «үлкен абырой» екенін жеткізді. Ол республикалық партияның атынан президенттікке түсетініне сенімділігін білдіріп, Айовада ферма сатып алмақ ой да бар екендігін айтты.

Алдын ала қорытындылар бойынша, республикалықтар өкілдеріне дауыс беру нәтижелері мынандай болды:

Тед Круз - 27,7%

Дональд Трамп - 24,4%

Марко Рубио - 23%

Бен Карсон - 9,3%

Қалған үміткерлер 5 пайыздан кем дауыс алды.

Соңғы жаңалықтар