Айналымнан шығарылған 2006 жылғы банкноттарды қайда айырбастауға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Айналымнан алынған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық банктің барлық филиалында шексіз мерзімде қолданыстағы ақшаға айырбастап алуға болады», делінген хабарламада.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда, ескі үлгісі 12 ай бойы қолданыста қатар жүреді. Бір жыл бойы ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болып саналады және оларды барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті.

«Қандай да бір банкнот айналымнан шыққан жағдайда 3 жыл ішінде оны Ұлттық банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері мен «Қазпошта» кеңселерінен де айырбастап алуға болады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс нөмірлері сайттан қарауға болады.


Соңғы жаңалықтар