31.05.2023 18:34 Шымкентте екі оқушы суға батқан 6 жасар баланы құтқарып қалды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі жасөспірім суға батқан баланы құтқарып қалды. 6 жасар бала Бадам өзенінде ағып бара жатқан екен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2023 19:34 Түркістандық шаруалардың проблемасын шешуге депутаттар атсалысатын болды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Комитет төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен басқосуда еліміздегі көкөніс шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму болашағы, суармалы егіншілік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2023 20:17 Шымкентте 18 жүк вагоны аударылып қалды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Игілік-Бадам темір жолының 3266 шақырымында 18 жүк вагоны аударылып қалды. Бұл вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы 2489 жүк поезының құрамында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.05.2023 11:29 Түркістан облысында жасөспірім қыз абайсызда суға батып кетті ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 4-сынып оқушысы канал суына батып кетіп, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Келес ауданының Абай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.05.2023 09:20 Түркістан облысында қатты дауылдан әлі екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында дүлей дауылдан әлі екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бәйдібек пен Сауран аудандарында екі мыңнан аса абонент электр желісіне қосылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 18:10 Түркістан облысын шегіртке басып, кейбір ауылдардың жағдайы өте қиын ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Арыс пен Сарыағаш аудандарында шегіртке қаптап кетті. Марокко зиянкестері әсіресе жайылымдық жерлерді жайпап барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 19:40 Шымкентте тақтатас мұнайын өндіру жолдары талқыланды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Елімізде алдағы үш жылда үлкен тереңдіктен алынатын тақтатас мұнайын өндіру үшін жаңа кен орындары ашылады. Бұл туралы Шымкенттегі ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
16.04.2023 10:25 Қажылыққа ниеттенген жүздеген адамды әлекке түсірген кәсіпкер қамауға алынды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қажылық сапарға ниеттенген қазақстандықтарды әлекке түсірген кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.04.2023 20:28 Түркістан облысында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылды. Қазір оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.04.2023 19:24 Шымкентте 5 адамның өліміне себепші болған автобусты жүргізуші қол тежегішіне қоймаған ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте автгобус апатынан ауыр жарақат алған бесінші адам ауруханада жантәсілім етті. Аталмыш оқиғаға байланысты Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Мұқтар Қоқанбаев барлық тасымалдаушы компания басшыларымен арнайы жедел жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 21:58 Түркістан облыстық мәслихатына бір мандатты округтен кімдер сайланды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық мәслихатына бір мандатты аймақтан кімдер сайланғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.03.2023 19:48 Шымкенттегі этноауылда екі мың литр наурыз көже таратылды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте наурыз мерекесі тойланып жатқан этноауылда 160 киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.03.2023 15:56 Газ желісін өз бетінше қосып алған түркістандықтың үйінде жарылыс болды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының «Яссы» шағын ауданындағы жекеменшік үйде жарылыс болып, бір отбасының 4 мүшесі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 16:15 Жетісай ауданында көпбалалы аналар әулеті дауыс берді ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Жетісай ауданында көпбалалы аналар әулеті дауыс берді. Жылы су ауылдық округінде тұратын әулеттің ақ жаулықты анасы Зәуре Сейдімбекқызы келін-қыздарымен келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 11:50 Ауылдарда ауызсу, жайылым, жол мәселесі шешілсе дейміз – сайлаушы ТҮРКІСТАН. ҚазҚапарат - Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінде жатқан науқастар да бүгін бір кісідей дауыс беруде. Облыстық клиникалық ауруханада 650 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 07:47 Шымкентте бір сағат ішінде 100-ден аса сарбаз дауыс беріп үлгерді ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік сарбаздар сайлауда белсенділік танытуда. Қаладағы №6698 әскери бөлімінде таңғы сағат 6.00-ден бастап 100-ден аса сарбаз дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 16:17 Түркістан облысында 54 жастағы әйел ұл туды, сәбидің әкесі – зейнеткер ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Ордабасы ауданында 54 жастағы әйел босанды. Жаңа туған нәрестенің әкесі Сәрсен Қошанұлы 64 жаста, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.
12.03.2023 22:24 Шымкентте нөсер жауыннан үйлердің аулалары мен көшелерді су басты ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте нөсер жауыннан үйлердің аулалары мен көшелер суға толып кетті. Қаланың құтқару мен коммуналдық шаруашылық қызметі жауын-шашынның салдарын жоюға жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.03.2023 12:08 Шымкентте жеміс ағаштары гүлдеді ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жеміс ағаштары гүлдеді. Көктем келіп, күннің жылынуынан өріктер гүл ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.03.2023 17:45 Түркістан облысында үш жасар бүлдіршінді құтқарған жасөспірім марапатталды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында суға батқан үш жасар бүлдіршінді құтқарған жасөспірім марапатталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды батыр баланы қабылдап, бағалы сыйлықпен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.