Аймақты дамыту бойынша Алматы Мельбурн тәжірибесіне сүйенуі керек - сәулетші Ян Гейл

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда даниялық архитектор Ян Гейл қала әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті. Кездесу барысында шетелдік сарапшы өз жобасының тыныстырылымын жасады.

Әкіммен кездесуде Ян Гейл аймақты дамыту бойынша Алматы Мельбурнға қарап бой түзеу қажеттігін айтты.

«Алматының дамуын біз негізгі үш факторға басымдық бердік: экономика, экология, адамға қажет кеңістік. Бұл факторлар бірнеше адамға қамқорлық көрсету, азаматтық белсенді қоғам, есептілік пен ашықтық сияқты қағидатты біріктіреді. Әлеуметтік тұрғыдан біз сәл артта қалып жатырмыз. Экология мен көлік мәселесі өз шешімін таба қойған жоқ. Қала үнемі өсіп келеді. Күніне 250 мың авто кіреді. Адамдардың бәрін қоғамдық көлікке отырғызу керек», - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, жиын барысында даниялық архитектордың «Адамдарға арналған қала» кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген.

Қала басшысы авторға алғысын айтып, кітаптың қала тұрғындарын халқаралық стандартқа ұмтылуына септігін тигізеріне сенім білдірді.
«Бір өзгеріс болу үшін халықтың таным-түсінігі өзгеру керек. Қазір қалалардың бәрі өмірге ыңғайлы болу үшін бәсекелесіп келеді. Адам өміріне бейімделу - ең үздік стратегия. Автомобилизацияның шарықтау шегі көп қалаларда өтіп кетті. Австралияның Мельбурн қаласында Алматыға ұқсас проблема болған. Қаланың орталығында жол қозғалысы шектелген, адамдарға арналған кеңістік барынша кең болуы қажет. Қоғамдық көлік экологиялық тұрғыдан таза. Сонда Алматы тартымды бола түседі», - деді шетелдік сәулетшісі.
Сондай-ақ, бүгін Ян Гейл қала құрылысы кеңесі өкілдерімен, ЖОО студенттерімен кездеспек.

Соңғы жаңалықтар