Аймақтарда мәжілісмендер халықты толғандыратын мәселелерді талқылауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары аймақтардағы сапары барысында тұрғылықты халықпен кездесулерін жалғастыруда. Олар  Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында болды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз,  Көкпекті, Күршім ауданына барып,  сайлаушылармен кездесулер өткізуде.

Жүздесулерде Елбасының бес әлеуметтік бастамасы мен Парламенттің заң шығарушылық қызметі туралы айтылды.

nullАудан тұрғындары өз кезегінде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу, тұрғын үймен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, интернет-байланысты дамыту және әлеуметтік нысандарды салу сияқты басқа да мәселелерді көтерді.

Сайлаушылармен кездесулер өткізу барысында депутат Н.Сабильянов сумен жабдықтау нысандарының құрылысы мен автожолдарды реконструкциялау барысымен танысты.

Мәжіліс депутаттары В. Олейник, А. Қожахметов, Қ. Мусин және И. Унжакова Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында «Казцинкмаш» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.

Депутаттар Мемлекет басшысының жаңа технологияларды енгізу, өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту және цифрландыру мәселелері бойынша Жолдауының негізгі ережелеріне тоқталды.

nullКездесуде тұрғындар Елбасының бес әлеуметтік бастамасында айтылған маңызды мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қойды. Олар «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сатып алу мен еліміздің жоғары оқу орындарында гранттармен оқыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарақұсова мен Татьяна Яковлева Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында «Жаңа Сервис-2007» қызметкерлерімен кездесті.

Бүгінгі таңда автоклавты газ-бетон шығаратын зауыт тек аймақты ғана емес, Астананың құрылыс базарларына заманауи және бәсекеге қабілетті материалдарын жеткізіп отыр.

Ақмола облысына іссапармен келген Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов облыстық ғылыми кітапханада зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда «Рухани жаңғыру» аясында іске асырылып жатқан партияның жаңа жобалары талқыланды. Олардың бірі - кітапхана жүйесін жаңғырту. 

Соңғы жаңалықтар