Аймақтар спорт медицинасы орталықтарына зәру - Сағит Баваев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның әр аймағында спорт медицинасы орталықтарын ашу керек. Мұндай бастаманы Алматыда спорт медицинасын дамыту туралы халықаралық семинарда Респубикалық спорт медицинасы және оңалту орталығының директоры Сағит Баваев көтерді.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда тек 5 дәрігерлік-дене шынықтыру ұйымдары, оның ішінде 110 кабинет, 66 спорт дәрігері жұмыс жасап келеді.

«Бұл елдегі спортшылардың санына шаққанда өте аз. Бізге әр аймақта спорт медицинасы орталықтарын ашу керек. Осы бағытта алғашқы қадам жасалды. Жақында Шығыс Қазақстан облысында спорт диспансері ашылады», - деді ол.

Сарапшы спорт медицинасы саласында мамандар тапшылығы мәселесінің өзектілігін жоймай отырғандығын жеткізді. Бұл жерде басты себеп, ұйымдардың әр мекемеге бағыныштылығында. Олардың бірі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, енді бірі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарайды.

Соңғы жаңалықтар