+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Аймақтар геопорталдарындағы өңірлік мәліметтердің бәрін цифрландыруды аяқтауы тиіс - Үкімет басшысы

2020 жылғы 4 ақпан 12:10
Бөлісіңіз:
Аймақтар геопорталдарындағы өңірлік мәліметтердің бәрін цифрландыруды аяқтауы тиіс - Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аймақ әкімдіктері геопорталдарындағы өңірлік мәліметтердің бәрін цифрландыруды аяқтауы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін қаражатты қайдан алады

«Биыл біздің алдымызда мемлекеттік қызметтерді 90 пайызға автоматтандыру деңгейіне қол жеткізу міндеті тұр. Мемлекеттік органдар аса қысқа мерзімде мемлекет көрсететін қызметтер тізіміне енгізу қажет өзгерістерді пысықтап, енгізсін. Бұл мемлекеттік қолдау жөніндегі 20 шараға да қатысты. Жер мәселесі бойынша көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру жөнінде әкімдіктер геопорталдарындағы өңірлік мәліметтердің бәрін цифрландыруды аяқтап, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялау қажет. Маңғыстау облысы бүгінгі күнге дейін өзінің геопорталдарына инженерлік желілеріндегі цифрлық деректерді салмаған. Облыс әкімі осыған назар аударып, тиісті жұмысты қолға алуы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер мәселесі бойынша көрсетілетін қызметтер жөніндегі нормативтік актілерге қажетті өзгертулерді енгізуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы тұрғындар саны 250 адамнан асатын елді мекендерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды асыру аясында байланыс операторларының жұмыс жоспары әлі күнге дейін бекітілмегендігін баса айтты.

«Партия өкілдері мен Парламент депутаттары тарапынан бұл мәселе бойынша сын да айтылды. Асқар Қуанышұлы, бұл мәселені шұғыл шешіңіз, тиісті жоспарды бекітіңіздер. Бір апта мерзімде Үкіметті хабардар етіңіздер», - деді Премьер- Министр ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке қарата.

Осы орайда Асқар Мамин өңірлердің әкімдіктеріне аталған жоспарды уақтылы іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT