Аймақтағы 22 ХҚО-да жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыра алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.



ХҚО-да көлік тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлік жүргізуші куәлігі берілген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі - 1 ай, кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.

Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.

«Сондай-ақ, астаналық көлік иелерінің назарына жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз. Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Ол үшін көлік жүргізушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт» делінген хабарламада.

Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

Облыс атауы

Аудан атауы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Ақмола облысы

Есіл ауданы

Ақкөл ауданы

Степногорск қаласы

Жамбыл облысы

Сарысу ауданы

Талас ауданы

ШҚО

Жарма ауданы

БҚО

Қазталов ауданы

Бөрілі ауданы

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Осакаров ауданы

Облыс атауы

Аудан атауы

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Жалағаш ауданы

Арал ауданы

Жаңақорған ауданы

Қармақшы ауданы

Шиелі ауданы

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

СҚО

Тайыншы ауданы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Түркістан облысы

Түркістан қаласы

Сайрам ауданы

Соңғы жаңалықтар