Айкүміс Досанова: Парламенттік оппозиция заңның дұрыстығына септігін тигізеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Парламенттік оппозиция институты заңның дұрыстығына септігін тигізеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы туралы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы мәслихатының хатшысы Айкүміс Досанова әлеуметтік желідегі парақшасында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, 20 желтоқсанда елордада өткен Ұлттық кеңестің екінші отырысында Мемлекет басшысы «Парламенттік оппозиция институтын құру» туралы ұсыныс айтқан болатын.
Осы ұсынысты мәслихат хатшысы Айкүміс Досанова да қолдайды. Оның айтуынша, қоғамда ненің дұрыс, ненің қате екені бірдей пікір айтылғанда ғана көрінеді.
«Ақиқат - біреу, бірақ әркімнің өз шындығы бар. Қоғам да, дүние де оң мен терістен, ақ пен қарадан, дұрыс пен қисықтан құралған. Оның бірін көріп, бірін көрмеуге болмайды. Ненің дұрыс, ненің қисықтығы - екі пікір де айтылып, сарапталып, іс жүзіне асқанда көрінеді. Сондықтан, заңымыз дұрыс болсын десек - парламенттік оппозиция керек» деп жазды ол.
Айта кетейік, Президент бұл мәселе туралы: «Бізге парламенттік оппозиция институты қажет. Біз жаңа қоғамдық парадигманың басты шарты балама көзқарастар мен пікірлер екенін түсінуіміз керек. Соңғы жылдары өз ұстанымдарын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысты. Біз балама пікірлер мен қоғамдық талқылау тоқыраудың бастауы емес, керісінше, дамудың басты талаптарының бірі екеніне көз жеткіздік», - деген еді.
- Жаңаөзенде екі адам газдан уланып көз жұмды
- Мақпал Мыса: «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болғанда әдебиет үшін қуандым
- Нығматулин: Алғыс айту күні – халықты бірлік-берекеге шақыратын ең жарқын мереке
- Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
-
Алғыс айту күні – адамгершіліктің, әділеттіліктің және жасампаздықтың жарқын көрінісі
-
Қыранды қолға үйрету үшін төзімділік пен қайсарлық қажет – құсбегі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам