«Айканың» «Оскар» алуға мүмкіндігі бар - картина режиссері
«Әрине, бұл үлкен табыс. Мен қуаныштымын, ондағы құрам өте күшті, номинацияға кіру оңай болмас, себебі картиналар өте мықты. Басқа жылдармен салыстыра алмаймын, бірақ биылғы картиналар өте мықты... Бірақ мүмкіндігіміз бар, себебі біздің картинамыз да жақсы», - деді С.Дворцевой.
Ол сондай-ақ фильмнің шорт-парақшаға қосылуы ол үшін күтпеген жағдай екенін атап өтті.
«Біз оны күтпеген едік, себебі оскарлық науқанға өте кеш қосылдық - картинамыз көпке дейін аяқталмаған еді... Көп адам осыншама кеш түсіре бастап, табыстарға жетуге болатынына сенген жоқ. Адамдар картинаны көріп те үлгермейтіні айтылған», - деді режиссер.
«Айка» фильмінің сюжеті - Қырғызстаннан Мәскеуге келіп, онда заңсыз жұмыс істеп жүрген жас эмигрант әйелдің оқиғасы, оның ішкі адами өсуі, аналық сезімі. Басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова сомдаған. Ол 71-ші Канн кинофестивалінің үздік актрисасы деп танылды.
«Шетел тіліндегі үздік фильм» категориясында «Оскар» жүлдесін алуға бастапқыда 87 картина ұсынылған. «Айка» драмасын Қазақстан ұсынды. Шорт-парақшаға сондай-ақ «Жыл құстары» (Birds of Passage, Колумбия), «Кінәлі» (The Guilty, Дания), «Авторлықсыз жұмыс» (Never Look Away, Германия), «Шоплифтерлер» (Shoplifters, Жапония), «Капернаум» (Capernaum, Ливан), «Рома» (Roma, Мексика), «Қырғи-қабақ соғыс» (Cold War, Польша) және «Жалындаған» (Burning, Оңтүстік Корея Корея) ленталары кірген.
2018 жылғы кинематограф саласындағы жетістіктер үшін «Оскар» сыйлығын табыстаудың 91-ші рәсімі 2019 жылдың 24 ақпанында өтеді. Үздіктерді марапаттау Лос-Анджелес қаласының Dolby театрында өткізіледі.