«Айка» фильмінің режиссері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды - ОҚО

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Канн кинофестивалінен кейін көпшілікке танылған «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевоймен кездесті. Еліміздің кинематография саласын дамытуға үлесін қосып жүрген және оның әлемдік деңгейде танымал болуына қосқан үлесі үшін кинорежиссер Сергей Дворцевойға өңір басшысы жерлестерінің атынан шынайы алғысын жеткізіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында аймақ басшысы режиссерді  Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстарды нығайту жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі.

«Сіз түсірген «Айка» фильмі  71-ші  Канн кинофестивальінде əлемдік деңгейдегі ең үздік 20 картинаның құрамында қазылар алқасының, кино сыншылар мен еуропаның талғампаз көрерменінің жоғары бағасына ие болды. Сіздің кəсіби шеберлігіңіздің жəне режиссерлік деңгейіңіздің жоғары  болуының арқасында қазақстандық  Самал Еслямова үздік əйел рөлі үшін жоғары марапатқа ие болды. Мұндай жағдай, посткеңестік елдер арасынан шыққан əртістің осындай марапатқа ие болуы Канн фестивалі тарихында бұрын-соңды болмағанын ескерсек бұл үлкен оқиға!»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде Сергей Дворцевой да облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қошемет үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта Қазақстанның кинематография саласының дамуы жолында аянбай еңбек ететінін сеніммен жеткізді. Сонымен қатар Оңтүстік өңірінде киноиндустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанынан хабары бар екенін айтып өтті.
null

Осы ретте аймақ басшысы облыста бүгінде онға жуық киностудияның бар екенін айтып, солардың бірі халықаралық фестивальдардың жеңімпазы, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған қазақ тіліндегі 50-ге жуық анимациялық фильм түсірген «Сақ» киностудиясын атап өтті.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында тарихи-мәдени мұраларды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында 2017 жылы «Оңтүстікфильм» мен «Сақ» киностудиясы бірлесіп «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая, «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау», «Күш атасы - Қажымұқан» атты анимациялық және «Ұлы Жібек Жолындағы ескерткіштер» деректі фильм түсірілді.Ал осы жылдың соңына дейін «Төле би» көпсериалы фильмі мен «Ордабасы - бірліктің туы», «Көне Түркістан», «Оқсыз оқиғасы» атты анимациялық фильмдер түсіріледі»,- деді облыс әкімі.
null

Айта кетейік, Сергей Дворцевой 1962 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Никита Михалковтың «Ника» сыйлығының лауреаты. Әлемдік деңгейдегі мамандарды мойындатқан киноны түсірген ол бұған дейін, «Трасса», «В темноте» деректі фильмдер мен қысқа метражды «Счастье», «Хлебный день» кино туындыларын түсіріп, көптеген халықаралық фестивальдар мен байқаулардың қатысушысы атанған. Ал 2008 жылы «Тюльпан» фильмі Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша марапатталған.
nullnull

Соңғы жаңалықтар