+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

«Айка» фильмі Ослодағы кинофестивальде жеңімпаз атанды

2018 жылғы 21 қараша 08:44
Бөлісіңіз:
«Айка» фильмі Ослодағы кинофестивальде жеңімпаз атанды

ОСЛО. ҚазАқпарат - Өткен аптада Норвегия астанасы Ослода 28-ші «FILM fra SØR» («Оңтүстік фильмі») шетелдік фильмдер фестивалі өтті. Оған Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінен 80-нен астам таспа қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған Қазақстаннан режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі және Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Әмір Байғазиннің жұмыстары ұсынылды.

Фестивальде «Деректі фильм», «Аудитория жүлдесі», «Жаңа дауыс» және «Күміс айна» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Айка» фильмін қазылар алқасы бір ауыздан «Жаңа дауыс» аталымының жеңімпазы деп таныды.

«Қазақстандық актриса Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың фильмін жалғыз өзі сүйреп жүр. Камера оның әрбір қимылын бағып отырады, тіпті біз, көрермендер бас кейіпкермен үндес, пікірлес боламыз», - дейді норвегиялық киносыншылар.

«Деректі фильм» аталымында конголық режиссер Эммануэль Грастың «Макала» фильмі жеңіске жетті. Көрермен көңілінен шыққан фильм ретінде жапон режиссері Хирокадзу Кориденің «Дүкен тонаушы» фильмі танылса, оңтүстіккореялық режиссер Ли Чанг Донг түсірген «Өртеу» фильміне «Күміс айна» сыйлығы берілді.

«Айка» фильмінің түсірілім тобынан ешкім болмағандықтан, награда Ослода аккредиттелген қазақстандық дипломаттарға тапсырылды.

Әмір Байғазин «FILM fra SØR» фестиваліне «Үндестік сабақтары», «Жаралы періште» және «Өзен» фильмдерін, сондай-ақ «Жұлдызды көргіңіз келе ме?» атты жаңа жұмысын ұсынды. Сыншылар оның шығармашылығына жоғары баға берді.

Шара аясында Әмір Байғазин Қазақстан Елшілігінде қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесіп, шығармашылық жоспарларын бөлісті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT