«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығы номинанттарының шорт-парақшасына қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі «Оскар» киносыйлығының «Шетел тіліндегі үздік фильм» категориясындағы тоғыз картинадан тұратын қысқа тізімге енді. Бұл туралы Американың киноөнер академиясының сайты хабарлады.

«Айка» драмасын Қазақстан ұсынған. Шорт-парақшаға сондай-ақ «Жыл құстары» (Birds of Passage, Колумбия), «Кінәлі» (The Guilty, Дания), «Авторлықсыз жұмыс»  (Never Look Away, Германия), «Шоплифтерлер» (Shoplifters, Жапония), «Капернаум» (Capernaum, Ливан), «Рома» (Roma, Мексика), «Қырғи-қабақ соғыс» (Cold War, Польша) және «Жалындаған» (Burning, Оңтүстік Корея Корея) ленталары кірген.

«Айка» фильмінің сюжеті -  Қырғызстаннан Мәскеуге келіп, онда заңсыз жұмыс істеп жүрген жас эмигрант әйелдің оқиғасы, оның ішкі адами өсуі, аналық сезімі. Басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова сомдаған. Ол 71-ші Канн кинофестивалінің үздік актрисасы деп танылды. 

2018 жылы кинематограф саласындағы жетістіктер үшін «Оскар» сыйлығын табыстаудың 91-ші рәсімі 2019 жылдың 24 ақпанында өтеді. Үздіктерді марапаттау  Лос-Анджелес қаласының Dolby театрында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар