Айгүл Соловьева: Президенттің ең басты айтқан сөзі – ешкім де жауапкершіліктен жалтарып кетпейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің ең басты айтқан сөзі – ешкім де жауапкершіліктен жалтарып кетпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуі жайлы Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты жағдайды көріп, біліп отыр. Ол жағдайдың аздап болсын түзеліп келе жатқанын айтты. Ахуалды тұрақтандыру үшін барлық күш-жігер жұмылдырылуда. Өз басым 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағанын қолдаймын. Себебі көз жұмған отандастарымыздың рухына құрмет көрсетілуі тиіс. Тәуелсіз ел болғалы бері Қазақстанның басынан мұндай қиындық бірінші рет өтуде. Бәлкім, осыған дейін қайтыс болғандар – денсаулық сақтау жүйесінің дайын болмағанынан шығар. Айналып келгенде бұл сала менеджментті, басқаруды талап етеді. Үш айдың ішінде жағдайды бақылауда ұстау үшін бәрін дайындап қою керек болатын. Мемлекет басшысының жағдайды бақылауда ұстап отырған менің көңілімді жайландырғандай болды. Президенттің ең басты айтқан сөзі – ешкім де жауапкершілікті жалтарып кетпейді», - деді Айгүл Соловьева.

Еске сала кетсек бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жариялаған болатын.




Соңғы жаңалықтар