Айгүл Соловьева: Облыстар оқу грантына артық қаражат сұрайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыстық білім басқармалары білім беру гранттарына артық қаражат сұрауды әдетке айналдырған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторинг тобының төрайымы Айгүл Соловьева осылай мәлім етті.

«Біздің арнайы мониторингтік топ екінші жыл қатарынан оқуға түсу емтихандарына қатысып келеді. Маған берген есептер бойынша, көптеген облыстық білім беру басқармалары мемлекеттен артық гранттар сұрағанын байқадым. Сайып келгенде, ол сұранымдары талапкердің санына сәйкес пе, жоқ па, өздері де білмей жатады. Мен Ақтөбе облысы бойынша осындай мониторинг жүргізілгенін білемін. Бақылаушыларды емтиханға жібермеген жағдайлар болды. Сондықтан арнайы мониторингтік топтардың комиссияларға енгізілуін сұраймын. Оның процеске қатысу, қатыспауы ұйымдастырушылардың қалауына тәуелді болмауы керек. Жаңағы Ақтөбе облысында мониторинг тобының белсенді қатысуының арқасында жергілікті басқарма сұраған 250 миллион теңгеге жуық қаражат үнемделді. Яғни, гранттардың лайықты үміткерге берілуіне баса назар аударылды», - деді Айгүл Соловьева.

Оның пікірінше, мемлекет гранттарға жеткілікті қаражат бөледі. Сол ақшаны ақтау үшін тестілеуді күшейту қажет. А. Соловьева Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын болашақта жас мамандар жалғастыратынын еске салып, сол үшін маман даярлау, оқуға қабылдау процестерінің әділ өтуіне қоғамның барлық топтары мүдделі болуы керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар