Айгүл Соловьева ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Бұл туралы бүгін комиссиясының сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында оның төрағасы Қуаныш Сұлтанов мәлім етті.

Төраға сөзіне қарағанда, А. Соловьева комиссия қатарынан шыққан, яғни қазіргі кезде ҚР Мемлекеттік хатшысы лауазымындағы Гүлшара Әбдіқалықованың орнына ұсынылды.

«Атап айтқанда, жемісті жұмыс пен сәттілік тілейміз. Менің ойымша, сіздің қосылуыңызбен біздің қатарымыз нығая түседі»,-деді Қ. Сұлтанов.

Бүгінгі отырыс барысында комиссия төрағасы депутатқа Қазақстанда адам құқықтары мәселелері бойынша қоғамдық белсенді ұстанымы үшін алғыс хат тапсырды.

Соңғы жаңалықтар