Айгүл Шайымова: Жемқорлыққа қарсы агенттіктің белсенді қызметкерлеріне бонустар төленуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мереке кезінде бәріне бірдей сыйақы беру жүйесінен бас тартып, жұмысы нәтижелі қызметкерлер үшін қосымша сыйақы бонустарын бөлу жүйесін енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиімді мемлекеттік аппараттың негізін құрылымдауды тапсырған болатын. Кез келген мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты реформалардың табыстылығы айқын байқалары сөзсіз. Бұл ретте қызметшілерге - қоғамның пайдасы үшін нақты нәтижеге қол жеткізу міндеттеліп отыр», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, бұл талап бойынша мемлекеттік аппараттың жұмысы нақты бағаланатын болады.

«Дәл осы талап апробациядан өтіп жатқан сыйақы беру жүйесіне енгізілуде. Оның басты ерекшелігі - мемлекеттік қызметшінің айлық төлемақысына нәтижеге жетудегі үлесі тікелей әсер ететін болады. Яғни, біз мереке кезінде бәріне бірдей сыйақы беру жүйесінен бас тартып, тиімді қызметкерлер үшін қосымша сыйақы бонустарын бөлу жүйесін енгіздік», - дейді агенттік төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар