Айгүл Шайымова студенттерді жемқорлықсыз білім алуға шақырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, аймақ бойынша жұмыс сапарының барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне (ТарМПУ) барды.

Университеттің Студенттерге қызмет көрсету орталығы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ашылып, «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеп отыр. Енді студенттер үшін анықтамалар мен құжаттарды алу уақыты қысқарды. Ол үшін барлық қажетті техникалық жабдықтар бар, процесс автоматтандырылған. Орталықта өтініш білдірушінің мемлекеттік қызметті атқарушымен тікелей байланысы жоқ («бір терезе» қағидасы, электрондық өтінім, анықтама дайын болғаны туралы электрондық хабарландыру, электрондық кезек). Сондықтан жемқорлық қаупі жоқ.Учиться без коррупции призвала студентов Айгуль Шаимова

Ақпараттық терминалдарда жоғары және жоғары білім алғаннан кейін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен уақыт тәртібі туралы барлық ақпарат бар, университет көрсететін қызмет түрлері ұсынылған. Қажетті анықтаманы алу үшін өтінім беруге болатын қызметті тіркеу секторы жұмыс істейді. «EGov -электрондық үкімет» өз-өзіне қызмет көрсету секторы бар. Электрондық цифрлы қолтаңбасы бар студент немесе университеттің қызметкері Орталық мамандарының көмегімен өтінімді рәсімдеп, сол жерден дайын анықтаманы басып шығара алады, деп түсіндірді ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы департаментінен.

«Біз жоғары технологиялар, цифрландыру ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Кезінде құжаттар үшін деканатқа жүгіретінбіз. Қазіргі кезде бәрі цифрлы форматта, куәлігіңізді алып барып, қалаған анықтаманы алуыңызға болады. Бүкіл әлем дамудың жаңа кезеңінде, әлемдік қауымдастық алдында жаһандану, төртінші өнеркәсіптік революциясы тұр, уақыт өте келе, бұлар бірқатар мамандықтардың жойылуына әкеледі. Бұған басты құндылық - адами капиталы болатын бәсекеге қабілетті ұлт жауап болуы тиіс. Білім - болашақта табысқа жетудің іргетасы. Бүгінде «білім алмасақ болады, бәрін ақшаға сатып аламыз» стереотипі жойылған. Құндылықтар жүйесінде білімділік басты орында болуы керек, бұл жағдайда ұлт табысқа жетеді», - деді студенттермен кездесу барысында А.Шайымова.

Жастармен еркін диалог форматында өткен кездесуге Тараздағы ЖОО-ның 300 студенті, жастар қоғамдық бірлестіктері мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Кездесудің модераторы М.-Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің (ТарМУ) ректоры Махметқали Сарыбеков болды. Мемлекет басшысы жариялаған «Жастар жылын» іске асырудың басымдық міндеттері, білім саласында жемқорлық оқиғаларына қарсы іс-қимылдағы жастардың рөлі, қазақстандық жастардың жан-жақты дамуы талқыланды.

Соңғы жаңалықтар