+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

2020 жылғы 7 шілде 19:00
Бөлісіңіз:
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының жаңа орынбасарлары тағайындалды БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды

Айгүл Шайымова 1979 жылы Ақмола облысының Мариновка ауылында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық қылмысқа және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі.

2016 жылы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі.

2016 жылғы қыркүйек айынан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы шілдеден бастап Мәдина Серікқызы Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT