Айгүл Шайымова: Көтермелеудің жаңа жүйесі барлық мемқызметшілерге бонус бөлуді қарастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көтермелеудің жаңа жүйесін енгізу кезінде әрбір мемлекеттік қызметшіге бонус бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда сыйақы беру мәселесі - мемлекеттік органның үнемделген қаражатының бар-жоғына тікелей байланысты. Алайда бұл әдіс жігерлендіру мәселесіне келгенде белгілі бір теңгерімсіздікті (дисбалансты) қалыптастырып отыр», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік төрағасының орынбасары атап өткендей, ауылдық және аудандық деңгейде осынау теңгерімсіздік айқын көрінеді.

«Жаңа жүйе бойынша жағдайдың теңсіздігі алынып тасталады. Себебі, бонус әрбір мемлекеттік қызметшіге беріледі. Жалпы, балдық шкала бойынша, бонустар ең алдымен қызметтік міндеттемені орындауда тиімділік пен жауапкершіліктің күшейтуді көздейді. Оған мысал ретінде жоғарыда аталған факторларды атап өтуге болады. Екіншіден, бұл амал-әдіс мемлекеттік қызметтің сапалы құрамына шоғырландыруға көмектеседі», - дейді Айгүл Шайымова.

Еске сала кетсек бұған дейін Айгүл Шайымова Агенттікте мереке кезінде бәріне бірдей сыйақы беру жүйесінен бас тартып, жұмысы нәтижелі қызметкерлер үшін қосымша сыйақы бонустарын бөлу жүйесін енгізілгенін мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар