Айгүл Әділова «Штрихи к портрету» жобасы қалай жүзеге асырылғаны туралы әңгімеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал саяси және қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаевпен «Ертысбаев LIVE» бағдарламасында болған сұхбат барысында белгілі журналист, «Хабар» тележобаларының жетекшісі Айгүл Әділова «Штрихи к портрету» жобасының қалай жүзеге асырылғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Документалды жоба әуелде ашық жоба ретінде қарастырылған болатын. Ол 2020 жылы шықты. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының өзінің президенттік өкілеттігін бергеннен кейін ең көлемді сұхбаты болды. Мен президенттік пул журналисті ретінде Елбасының қызметін 2015 жылдан бері насихаттап келемін. Жоба 5 серияға бөлініп дайындалды. Ірі сұхбат бір жарым, тіпті екі сағатқа созылды. Мен еліміздің өміріндегі ең маңызды сәттерді жазып алдым, сондай-ақ тәуелсіздіктің 30 жылдығы таяп келе жатқан соң сұхбатта айтылғандарға баса назар аудардым»,-деді кітап авторы.

Айгүл Әділова шығармашылық топтың жобаны іске қосқан соң көпшілік тарапынан ой-пікірлер көптеп айтылғанын жеткізді.

«Тарих кітапта қалады. Өкінішке қарай, біз қанша қалағанымызбен жастардың барлығы бірдей кітап оқуға ден қоя бермейді. Шындығында бәрі кітапта ғой, тарих та кітапта. Біз онда фильмде көрсетілмеген сәттердің кітапқа енгізілгенін мәлімдейміз. Бұл телевизиялық нұсқа болғандықтан біз фильмді көп адамның көргенін қалаймыз. Фильмде Нұрсұлтан Әбішұлы алғаш рет өзінің немересінің өлімі мен өз өміріндегі сатқындықтар туралы айтты. Бұл жерде мәселе тек саясат туралы ғана емес, мұнда қарапайым адами қасиеттер туралы да айтылады. Мен жаңа қырларын ашқым келген. Алайда Елбасының өзі альбомы мен картиналарын көрсеткісі келетінін айтты. Елбасының коллекциясында 50-ге жуық картина болды. Біздің көзімізше ол жаңа суреттің бейнесін сомдады. Бұл кезде «Штрихи к портрету» идеясы оянып, екінші және үшінші сұхбаттар жүргізіліп жатқан болатын. Сол кезде осындай бір ой салған еді»,-деді Айгүл Әділова.

Танымал журналист сонымен қатар бұл кітаптың неге әрбір қазақстандықтың кітапханасында тұруы қажеттігін айтты.

«Кітап алғаш рет сұхбат форматында шықты. Бұл Елбасы сөздерінің толық мәтінге түсірілген нұсқасы. Ештеңе де алып-қосылған жоқ. Біз архивтерді ақтарып, оқырманға қызық болуы үшін эксклюзивті суреттерді шығардық. Біз оқырманның кітапты оқығанда оқиғаны көзбен көргендей болғанын қаладық. Меніңше, Нұрсұлтан Әбішұлы көңіліндегінің бәрін жайып салды»,-деп қосты кітап авторы.

«Біз Нұрсұлтан Әбішұлының бейбітшілікті жаны қалайтынын білеміз, оған Ресей мен Түркия тарихынан қанықпыз. Елбасы Түркия мен Ресейді қалай татуластырғанын жан-жақты әңгімелеп берді. Ердоған оған бірнеше рет телефон шалып, «Мен бұл хатта Путинге не деймін» деп сұраған.

Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттерді татуластыру үшін осы іске өзі қатысқан.

Ол ШЫҰ саммитінде қалай келіссөздер жүргізгенін айтты. Елбасы Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Путиннің оны қабылдауы үшін хатқа не деп жазу керектігін айтып отырған.

Ислам Әбдіғаниұлына: «Жіберсеңізші оны, олар татуласады ғой, біз үшін бұл өте маңызды деген»,-дейді Айгүл Әділова.



Соңғы жаңалықтар